$ 494.87  520.65  4.91

Алматының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды

Қазір апатты қалпына келтіру жұмыстарына мегаполистің барлық коммуналдық кәсіпорындары мен құтқару қызметі жұмылдырылған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жеке жүк көлігінің орташа қысымды газ құбырын соғуы салдарынан Алматының Наурызбай ауданындағы бірнеше шағын аудан газсыз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Zakon.kz-тің жазуынша төтенше жағдай 2024 жылдың 20 ақпанында сағат 21.50 шамасында болды. Жұмыс топтары оқиға орнына жедел аттанды. Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, апат салдарынан магистральдық газ құбыры зақымданған.

Қазір апатты қалпына келтіру жұмыстарына мегаполистің барлық коммуналдық кәсіпорындары мен құтқару қызметі жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары