22.02.2024, 18:20

Аңдамай боқтаған депутат халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Фото: zakon.kz

Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты.

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы кезінде депутат Тимур Елеусізов баяндамасы барысында кейбір сөзді айтуға қиналып, салдарынан эмоцияға беріліп, балағат сөз айтып жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отырыстан кейін халық қалаулысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 80 мың айыппұл арқалады.

Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты.

Артынша Тимур Елеусізов халықтан кешірім сұраған видеосын жариялап, елде назар аударарлық мәселелердің көптігін айтып, соларды насихаттаған әлдеқайда дұрыс екендігін тілге тиек етті.