$ 441.66  475.14  4.86

Ұлттық руханиятты жандандыру – жасампаз мемлекеттің көрінісі

Күншығыс елінде шәйді демдеп ішудің (садо), күнделікті істі жоспарлаудың (кайдзен), тіпті сынған ыдыстарды (кинцуги), кепкен гүлдерді әсемдеудің (икебана) өзін руханият деңгейіне көтеріп, құндылық ретінде қарастырған. Сондықтан болар бұл елде мәнсіз ештеңе жоқ, ең қарапайым деген дүниенің өзіне мән беріледі, ал ондай қоғамда адамның маңызы мен құндылығы тіпті арта түсетіні түсінікті шығар.

Фото: osken-onir.kz
Фото: osken-onir.kz

Жапондық минимализм үйдің дизайнында, жиһаздардың орналасуына , тұрмыстағы тұтынатын заттардың, киім-кешекке дейін қамтиды. Дәл сол сияқты үйге береке, табыс әкеледі деген түсінікпен фэн-шуй философиясына қарай үйін, бөлмелерінің орналасуын, безендірілуін,  жиһаздардың соған қарай дұрыс бұрышқа қойылуын қадағалайтын адамдар қаншама. Бұл түсініктер тұрғын үйлердің, ғимараттардың  дизайнына, стиліне де етене еніп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Егер ұлттық  дүниетанымызға үңілер болсақ, қазақтар да әр заттың, киімнің, малдың киесі болады деп қараған. Сондықтан киіз үйдің ішінде әрбір зат өз орнында, өз бұрышында тұруына қатты мән берілген. Ошақтың орны, ыдыс-аяққа арналған кебеженің орналасуы, төсек-орынның орналасуы, киімдердің ілінуі, бәрі өз орнымен болған. Одан бөлек киіз үйдің безендірілуінде де үлкен философиялық мағына болған. Осы түсініктің бәрін қазіргі күні бір жүйелеп, ұлттық кие, құт түсінігіне негізделген өмір сүру салтын құруға болар еді. Өйткені бұл түсініктерге қазақ халқы тек тұтынушылық жағынан емес, қарым-қатынаста да  да мән берген. Бұл ұлттық брендке айналатын кәдімгі бір жүйе, система құруға жетерлік философиялық мағынасы терең, қамтитын саласы да ауқымды дүниетаным. Оның үстіне кие, құт түсініктері қазақ ұлтының сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам дінімен де мағына тұрғысынан қабысып, бір-бірін толықтыра түседі.

Жапонияның даму үлгісін кезінде Алашорда зиялылары да үлгі ретінде қарастырғанын білеміз. «Алаш» бағдарламасы Күншығыс елін 21 жылда (1868-1889ж.ж.)   дамыған елге айналдырған «Мэйдзи төңкерісі» бағдарламасының үлгісінде дайындалған еді. Бұл жерде мына жайтқа назар аудартқым келіп отыр, екінші дүниежүзілік соғысты үлкен шығынмен, Амеркиға деген тәуелді күйге түсетіндей масқара жеңіліспен аяқтаған олар, бұл жеңілісті бар қалпында қабылдай алды және оны жылы жауып қоймай жауапты кісілердің барлығына үкім шығарылып, өлім жазасына кесілді. Бұл елді басқарып отырғандардың халық алдындағы жауапкершілігінің көрінісі және кейінгі ұрпаққа қолымен істегенін мойнымен көтеру қажеттілігінің үлгі-өнегесі еді. Сондықтан болар руханият пен заң бұл елде қолтықтасып, қатар жүреді.

Күншығыс елінде шәйді демдеп ішудің (садо), күнделікті істі жоспарлаудың (кайдзен), тіпті сынған ыдыстарды (кинцуги), кепкен гүлдерді әсемдеудің (икебана) өзін руханият деңгейіне көтеріп, құндылық ретінде қарастырған. Сондықтан болар бұл елде мәнсіз ештеңе жоқ, ең қарапайым деген дүниенің өзіне мән беріледі, ал ондай қоғамда адамның маңызы мен құндылығы тіпті арта түсетіні түсінікті шығар.

Осы жағынан келгенде бізді ел ретінде, ұлт ретінде қаншама наным-сенімдеріміз, салт-дәстүріміз әлі күнге бір жүйеге келтіріліп, құндылық деңгейіне көтерілмегені қынжылтады. Иә, халық арасында дәріптелетін дәсүрлер көп-ақ, зерттеліп, айтылып, жазылып жүргені қаншама. Бірақ соның барлығын біз тек әз Наурызда, немесе арнайы күндер мен шараларда ғана науқанды түрде еске алып, ал одан кейін қайтыдан сөрелер мен архивтерге ысырып қойып жатамыз. Негізі бұл ғылыми негізде топтастырылып, жүйеленіп, қазақы руханияттың үлгісін тудырып, оны мемлекеттік деңгейде заңдастырса және анада-санда ған емес, күнделікті өмірде қолданыста болатындай етіп бейімделсе нұр үстіне нұр болар еді.

Ең өкініштісі, қазір жастарымыз жаһандану дәуірінің озық мүмкіндіктерінің пайдасы мен зиянын бойына қатар сіңіріп жатыр. Одан қалды Кеңестік дәуірдің ұлттық руханиятқа салған жарасының салдары әлі де толық жазыла қоймады. Сондықтан өз ішімізде-ақ төл руханиятымыз бен құндылығымызға менсінбей, мұрнын шүйіріп қарайтындар жеткілікті. Қоғамның, зиялы қауым мен көзі ашық жандардың әр бағытқа қарап, «әрқайсысының көрпені өзіне қарай тартуы» ел ретінде руханиятымыздың тұралап қалуына себеп болып тұр. 

Иә, руханиятқа жататын барлық салада өз бетінше даму, өсу, өну бар. Бірақ барлығының басын біріктіретін, ортақ менталитетті, ділді тудыратын, өзегі боп нәрлендіріп тұратын, жиынтық мазмұн мен мағына әлі де болса жоқ.    Ол үшін тарихшысы бар, этнографы бар, фолклористі, ғалымы мен жазушысы, ақыны мен әдебиетшісі, қолөнер ұстасы мен суретшісі бар, барлығының басын қосатын алқалы кеңес, дөңгелек үстел керек-ақ және бұл отырыс «мен білемін, сен кімсің мен тұрғанда, менің атағым мынау, дәрежем мынау, мадағым осынша» деп бір-бірімен атақ-абыройын салыстырып, жеке басының даңғойлығымен жарыспай, бір-бірінен үйренуге, естуге, тыңдауға, ортақ мәміле шығаруға бағытталған кеңес болса қанеки.

Басы: Мемлекетте руханияттың заң жүзінде қолдау көруі – елдіктің белгісі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары