$ 470.8  545.99  6.6

«Туған күніне сый»: Димаштың жанкүйерлері әлемді қайырымдылық акциясымен таңғалдырды

Бұл туралы Dimash.news сайты жазды.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Қытайдағы Димаш Құдайберген-нің жанкүйерлері (Dears тобы) оның алдағы туған күніне орай және гуманитарлық қызметін қолдау мақсатында Халықаралық көші-қон ұйымы қорына 2000 доллардан астам қайырымдылық жасаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, Қытайдағы жанкүйерлер артиcтің 32 жасқа толуына орай Шанхайдағы қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған RHR Shanghai Adoption Home панажайына 26 760 юань (шамамен 3950 доллар) аударған.

RHR Shanghai Adoption Home — Шанхайда орналасқан, қаңғыбас және зорлық-зомбылық көрген жануарларды құтқарумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. DimashNews дерегіне сәйкес, бұл ұйым 2012 жылы құрылған. Ол RHR (Rescue, Heal, Rehome — «Құтқару, емдеу және жаңа үй табу») қағидатын ұстанады. Құрылған уақыттан бері ұйым 4000-нан астам жануарды құтқарып, олардың шамамен 2000-ін жаңа отбасына орналастырған, ал 250-ден астамы әлі де қамқорлықта әрі жаңа үйіне кетуді күтіп жүр.

Биыл 24 мамырда Димаш Құдайбергенов 32 жасқа толады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0