$ 494.87  520.65  4.91

Су тасқыны салдарынан болған шығындардың төлемі наразылық тудыра ма?

2024 жылы су апатынан болған экономикалық шығын соңғы 30 жылдағы мемлекетте орын алған барлық залалдың шығынынан асып түсті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Табиғи апат айтып келмейді. Қазіргі таңда елдегі қиындықтарды еңсеруге билік бар күшін салып отыр. Оның ішінде су тасқыны салдарынан болған шығындардың алғашқы төлемдері де өтеліп бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ANI Analytics экономикалық телеграм каналының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы су апатынан болған экономикалық шығын соңғы 30 жылдағы мемлекетте орын алған барлық залалдың шығынынан асып түсті.

Республика тәуелсіздік алғаннан бергі бірінші су апаты 1993 жылы болды, сол кезде келтірілген залал Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша шамамен 60 миллион долларды құрады.

2008 жылы елдің оңтүстігінде ірі жойқын су тасқынының бірі тіркелді. Қардың кенет жылынып, еруі салдарынан 2,5 мыңнан астам үйді су басты. Сонда жалпы экономикалық шығын 130 миллион доллардан асады.

Дегенмен, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауыр апат 2010 жылы Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында бөгет жарылған кезде болды. Салдарынан 45 адам қаза тапты, оның сегізі бала, тағы 300-і жарақат алды. Ауылдағы үйлердің 80 пайызы қирап қалды. Келтірілген шығын 40 миллион доллардан асады.

Мәжілісмен Ерлан Саиров атап өткендей, су тасқыны мен су тасқынынан келтірілген ағымдағы шығын шамамен 200 миллиард теңгені құрауы мүмкін (ағымдағы доллар бағамы бойынша ~444 миллион доллар).

Осылайша, биылғы жылы су апатының экономикалық шығыны тәуелсіздіктің 30 жылындағы жалпы шығыннан асып түсуі мүмкін.

Десе де Мемлекет басшысы халыққа жариялаған үндеуінде мемлекеттік материалдық резервті қолдануға тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда ТЖМ, Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде осы қордың қолдауымен жергілікті халыққа медициналық, психологиялық, т.б. көмек көрсетіп, біршама жұмыс атқаруда.

Сонымен қоса қазіргі уақытта арнайы залалды бағалау жөніндегі комиссия шығынға ұшыраған тұрғындардың өтініштерін қабылдап, келген залалын есептеп, қажетті шығындарды өтеуді бастап кетті.

Десе де ойламаған жерден үлкен шығынға ұшыраған халықтың қам көңілін мемлекеттің бергені жұбата ма? Әрине, орнында бар оңалар демекші, материалдық шығын бірте-бірте реттелер, бірақ халықты, қарттадың, балалар мен жастардың алған жан жарасы аз уақытта жазыла қояры екіталай. Сондықтан жергілікті билік пен жауапты орындар қажетті деңгейде қолдау көрсетіп, қырағылық танытпаа ұнжырғасы түскен жергілікті халық  бейбіт шеруге шығуы әбден мүмкін. Елімізде 2020 жылдың 6 маусымынан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілді.

Онда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген, яғни оларды өткізу күніне дейін ұйымдастырушы 5 жұмыс күні бұрын әкімдікке қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама беруге тиіс, ол хабарлама 3 жұмыс күні ішінде қаралады. (Заңның 10, 11-баптары).

Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы Серік АҚЫЛБАЙ бейбіт шерулер жайлы:

Әр азамат өзінің пікірін, наразылығын білдіру үшін, митингке шығып, бейбіт жиындарға қатыса алады. Алайда белгілі бір тәртіп те болуы керек. Ұйымдастырылатын жиынның не митинг, не шеру, не болмаса пикет екенін, оның негізгі тақырыбын, оған қатысатын адамдардың санын айқындап алу қажет. Бейбіт жиынды өткізуге бел буған тараптың жауапты тұлғасы, жиынның тақырыбы мен оған қатысушылардың саны міндетті түрде хабарлануы тиіс. Неге? Себебі діни экстремистік ұйымдардың, топтардың, бір жыныстылардың шерулері мен митингтеріне жол беруге болмайды деп санаймын.

Бұл дегеніміз бір ғана жиынға қатысушылардың ғана емес, оған қатыспайтын, жиын айналасындағы адамдардың құқығын қорғау деген сөз. Тұрғындардың бір жаққа бара жатқан автобусын, жеңіл көлігін тоқтатып қоймау үшін жасалады бұл қадам. Сондықтан қандай да бір митингтер мен шерулерге, пикеттерге қатысқысы келмеген, қатыспайтын тұрғындардың құқығы бұзылмауы, кедергі келмеуі үшін де мұндай бейбіт жиындарды өткізуге қала орталықтарынан арнайы орындар белгіленбек. Бұл да дұрыс. Себебі осы айтылған жиындар кез келген орындарда өткізілетін болса тұрғындардың қалыпты өмірі бұзылып, даңғылдар мен жолдарды жабуға тура келеді, -деп ойымен бөліскен болатын.

Елімізде ең үлкен митинг 2022 жылдың қаңтар айында орын алды. «Қанды қаңтар» аталып кеткен митингтің біраз тұсы әлі де болса сұрақ тудырады.

DEMOSCOPE қоғам­дық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Конрад Аденауэр қорының қол­дауымен қазақстандық азаматтардың арасында еліміздің барлық аймақтарында са­уалдама жүргізді. Нәтижесінде, сауал­дамаға қатысқандардың 40%-ы митингтер елдегі жағдайды тек тұрақсыздандырады деп жауап қатса, 73%-ы митинг өт­кі­зуде билікпен келісу қажет деп есептейді.

Ал Қазақстанның қоғамдық даму инс­­титуты жүргізген әлеуметтік сауалда­ма барысында оған қатысқан отандастары­мыздың 87,7%-ы шеруге шыққылары келмейтінін жеткізген. Бұл ретте Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі жүргізген әлеу­меттік сауалнамаға сүйенсек, қазақ­стан­дық­тар­дың 53,7%-ы митинг өт­кі­зуге рұқ­сат алу осы митинг өткізуші­лер үшін мін­детті болуы тиіс деп санай­тын­дар екен. Айта кетейік, сауалнамаға қатыс­қан­­дардың тек 21,4%-ы ғана Қазақстанда ми­­тингтер өткізуге оң көзқарас ұстанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары