$ 494.87  520.65  4.91

«Жастар баспана алу үшін шетелге барып жұмыс істеуге мәжбүр» – Дәулет Мұқаев

2019 жылы пәтер алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалды. Былтыр берілуі керек пәтерлер Алматы қаласының жастарына әлі дер берілмеді, нақты тізім, нәтиже шықпады.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарды қолжетімді баспанамен қамту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жастардың саны 10 000-ға жуықтаған. 2019 жылы пәтер алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалды. Былтыр берілуі керек пәтерлер Алматы қаласының жастарына әлі дер берілмеді, нақты тізім, нәтиже шықпады. Одан әрі Д.Мұқаев жалдамалы пәтер алған жастардың қаржы жинап, баспана ала алмау себебін атады.

«2019 жылдан бері инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан-жылға өсті. Осыдан 5 жыл бұрын республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың болса, қазір 400 мыңға жуықтады, 2 есе өсті. Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты, бұл – бір. Екіншіден, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ. Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келуде. Үшіншіден, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған. Ақшасын жинап, түйіп отырған жастар, басқа бағдарламаға қатыса алмаса қалай баспаналы болмақ», - дейді ол.

Депутат жоғарыды аталған факторларды ескере отырып, жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселесін қарастыруды қайта сұрады.

«Пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауы тиіс немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек», - дейді Дәулет Мұқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары