$ 494.87  520.65  4.91

«Шариғат көп әйел алуды құптамайды»: Құран аудармашысы мәлімдеме жасады

«Әділ болмаймын деп қорықсаңыз, біреуіне үйленіңіз» делінген.

Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Құранды орыс тіліне аударған автор Серік Рысжанов Қазақстандағы кейбір діни наным-сенімдерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баспасөз мәслихатында «тоқал институты» туралы айтқан Серік Рысжанов көп әйел алуды «заманның қалдығы» деп атады.

«Көп әйел алу туралы айтатын болсақ, бұл архаизм және өткен заманның қалдығы. Құранды мұқият оқысақ, екі, үш және төрт әйел алуға болады. Бірақ белгілі бір шарты бар. «Әділ болмаймын деп қорықсаңыз, біреуіне үйленіңіз» делінген. Бұл анық айтылған. Төртінші сүренің 129-аятында Жаратушы «Бірнеше әйелге адалдық таныта алмайсыңдар, тіпті талпынсаңдар да» деп айтқан. Ер адам әділ болмайтындықтан ол біреуге үйленуі керек деген шарт автоматты түрде қосылады. Негізі Құран көп әйел алуды құптамайды, өйткені ер адам әділ бола алмайды», – деді Серік Рысжанов.

Сонымен қатар қасиетті кітаптың аудармашысы Қазақстанда шариғат заңдарын насихаттайтын діни бірлестіктердің қызметіне белсенді түрде тыйым салу керектігін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары