$ 494.87  520.65  4.91

«Құранды оқи бермей, ғылымды бір шолып шықсаң»: Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға өткір сұрақ қойды (ВИДЕО)

Құдай неге Алматыға өшігіп алған?

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Кәсіпкер, бизнес-тренер Нұрсила Ахметбек « Тәңіршілдердің құрылтайшысы»туралы айтқан Бекболат Тілеуханға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, экс-депутатқа тек Құранды оқи бермек, ғылымды оқыған адамдардың еңбектеріне үңілу керек секілді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды

«Бекболат бауырыма бірер сұрақ:

1. Құдай қазаққа өш пе? Неге , Швецию, Норвегию, Финляндию, Мальту и Барбадос елдерінде ешқашан жерді сілкімейді, ал Қазақстандағы жерді сілкиді?

2. Құдай неге Алматыға өшігіп алған? Неге Солтүстік облыстарда жерді сілкімейді? Егер Тәңіршілдер өз құрылтайын Астанада не Көкшетауда жасаса не болар еді? Сол жерді сілкиді ме, жоқ бәрібір сол Алматыға кәрін төге бере ме?

Жалпы Бекболат көзі ашық, көп оқыған адамсың ғой, жердің сілкінісі жайлы ғылым не дейді екен? Ғылымды оқыған адамдардың жазғанын бір шолып шықсаң. Дінде де «Оқы, Оқы және Оқы» деген ғой. Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да бірауық уақыт бөліп, содан кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң..», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары