$ 494.87  520.65  4.91

«Фигурасын ойлаған әйелдер зардап шегеді»: Танымал блогердің сөзі елдің ашуын келтірді (ВИДЕО)

Шетел болып жүрген әйелдер бір баланың бетіне қарап фигурасын ойлағанымен кейін зардабын шегеді. 

Фото: instagram.com/moldir_anarbaeva
Фото: instagram.com/moldir_anarbaeva

Әлеуметтік желіде танымал журналист әрі блогер Мөлдір Анарбаеваның көп балалы аналар туралы сөзі жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол көп балалы аналардың жанайқайы туралы ойын желідегі парақшасы арқылы жеткізген.

«Бәрі уақытша шыдаңдар. Балалар өседі, бір қауым ел боласыз, солардың арқасында төрге шығып, марқаясыз. Қазақша бақытты болу осы. Шетел болып жүрген әйелдер бір баланың бетіне қарап фигурасын ойлағанымен кейін зардабын шегеді. Бірінің қалғанын бірі киіп өскен бір үйдің балалары ұйымшыл болады. Қазақтың саны көп болсын! Уақытша жынды ұқсап жүргеннің жалғасы жақсы», — деп жазды ол.

Көпшілік блогердің пікірін қолдаса, енді бірі қарсы шыққан.

«Жастық шағың өтіп кетеді ғой, балалар өскенше», «Дәл қазір көп бала таба беретін заман емес, ол үшін қаржылай шамаң болуың керек, қымбатшылық, әр балаға жеке көңіл бөлу керек дегендей», «Сіздер сияқты блогерлерге түк емес шығар, қарапайым отбасыларға көп баланы жеткізу оңай емес, саннан сапаға мән беретін кез келген шығар қазаққа» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары