Халық болып қорғанбасақ күніміз мүшкіл болады! Бұндайларға өлім жазасын сұрау керек және сотын Бишімбаевтың сотындай ашық өткізу қажет! Соны талап етейік!
Атырау тұрғыны көлігін бүлдірген азаматты ұрып өлтірген. Осы оқиғаға байланысты қоғам белсендісі әрі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Facebook-тегі парақшасында сол қайғылы оқиға сәті түсірілген видеоны жариялады.
Оның пайымдауынша, көлігін бүлдіргені үшін ер адамды өлтірген кісінің сотын Бишімбаевтың сотындай ашық өткізу керек.
«10 000 теңге үшін ұрып-ұрып өлтірді де, итше сүйреп тастай салды! Бәріміз осы сақалитті кіналап, олармен күресу жайлы айтып жатырмыз. Бұлар салдары, себебі тереңде Ағайын!
Алдымен Өзбекстандағыдай бүкіл уағызшы, имам, молдаларды ауыздықтау керек! Бұларды өсіріп шығарып жатқан солар! Ертең сенің әкеңді. өзіңді осылай итше тепкілеп өлтірмесіне кім кепіл? Бұл бірінші жағдай емес қой? Халық болып қорғанбасақ күніміз мүшкіл болады!
Парламент депутаттарын, ҰҚҚ ін, Президетті белгіліп барынша бөлісіңіздер! Шара қолданбасақ кеш қаламыз! Бұндайларға ӨЛІМ жазасын сұрау керек және сотын Бишімбаевтың сотындай ашық өткізу қажет! Соны талап етейік!», - деді Ахметбек Нұрсила.
Еске салсақ, Атырауда ер адам көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып, мерт қылды. Оқиға қаладағы «Дина» базарында болған. Бейнебақылау камерасына ер адамның екінші бір азаматты аяусыз соққыға жыққаны түсіп қалған. Куәгерлердің сөзінше, жәбірленуші ер адам соққыға жыққан күдіктінің көлігін сызып кеткен. Кикілжің содан шыққан.