$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан соты жасөспірім қызды пышақпен қорқытып 7 рет зорлаған қылмыскерге 2 жыл ғана бермек

Сот күдіктіден жауап алынар кезде отырысты тоқтатқан. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан прокуратурасы жасөспірім қызды пышақпен қорқытып зорлаған жігітке 2 жыл ғана бермек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 жасар жігіт кәмелетке толмаған кішкентай қызбен танысып, достасады. Кейін оны тамағына  пышақ тақап, қорқытып зорлаған. Онымен де тоқтамай жігіт кішкентай қызды кейін бопсалап, біреуге айтар болсаң балалар колониясына айдатып жіберемін деп қорқытып, тағы да зорлық көрсеткен. Осылайша жігіт кішкентай қызды 7 рет зорлаған.

Онымен де қоймай жігіт қыздың үйіне келіп сенің үйіңді дарға асылып өлемін, сосын менің өліміме сенің отбасыңды кінәлайды деп қорқытқан. Басқа бір ретінде қызды қолына пышақ алуға мәжбүрлейді, сосын оны өзінің мойнына тақатады. Сол сәтте жүгіріп келген қыздың ағалары пышақты алып қойған. Сосын ағалары полиция рұқсатсыз үйге енгені үшін арыз жазған, ал жігіт «мені ұрды» деп олардың үстінен арыз жазған.

Кейін анасы істің мән-жайын білгесін, арызданып, іс қозғалған. Ал жігіттің туыстары қыздың анасына адвокаттың шығынын біз төлейік деген және үстіне тағы да қаржы қосып берейік деп, кінәліні жауапкершіліктен босатудың жолдарын қарастырған.

Барлық тергеу, сараптама жұмыстарынан кейін «кәмелетке толмағанға қарсы бірнеше рет жасалған күш қолданып зорлау» 120 3-1 бабы бойынша іс қаралады. Бірақ сот процесі барысында істі «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» 122 бабтың 1-тармағы бойынша қарауға өзгертіледі.

Соттың тағы бір отырысында күдіктіден жауап алу барысында үзіліс жариялаған. Артынша сот отырысын кейінге шегерген.

Ал қазір прокуратура 7 рет зорлағанға, қорқытып, үркітіп, бопсалағанға тек 2 жылға ғана бас бостандығынан айыруды сұрап тұр, - деп жазды Дина Таңсәрі.

Түркістан облыстық прокуратурасынан істі жүргізушілерді тексеруді сұраған қоғам белсендісі «бұл үлкен қателік пе? Әлде қасақана жасалып отыр ма?» деген сауал қойды.

Сондай-ақ ол сот үкімінің бүгін таңертең шығарылатынын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 14

Серіктес жаңалықтары