«Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате!
Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қыз бала, әйел туралы қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, ата-анасы қызын «жат-жұрттық» емес, «жаным» десе жөн болады.
«Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын.
«Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік алғышарты», - деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.