$ 495.2  522.34  4.94

Қазақтар аяғы ауыр әйелді бөлек үйге жіберген - Бақыт Беделхан

Әрбір әке өзін патша санаса, баласын мұрагер қылуы тиіс.

Фото: qalamger.kz
Фото: qalamger.kz

Ақын Бақыт Беделхан Дулат Тастекейге берген сұхбатында қазақтар баланы ана құрсағынан бастап тәрбиелегенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақын Бақыт Беделхан әрбір әке өзін патша санап, баласын мұрагер етіп тәрбиелеу керегін айтты.

Біздің хандар, патшалар, байлар, сұлтандар аяғы ауыр әйелді қырық күннен кейін бөлек ақ боз үй тігіп, жақсы жайсаңдармен ғана араластырып, қара ниетті адамдарды жолатпаған. Сондай-ақ ақылды, данышпан, әнші, жыршы, күйші, жырау, абыз адамдарды айналасына топтастырған. Сонда бала іште қырық күннен бастап тоғыз ай тәрбиеленеді.

Ал дүниеге келгеннен кейін мейірімге, шапағатқа бөленеді. Одан кейін ақылды әңгілемер естиді. Ол ертең ханның тақ мұрагері. Сол сияқты әрбір әке өзін патша санаса, баласын мұрагер қылуға тиіс және міндетті.

Сондықтан бала тәрбиесі деген жақсы сөз бен мақтау-мадақтан тұрады деп ойлаймын. Ең бастысы, бала тәрбиесіне әке-шешенің ұрыс-керісі өте кері әсер ететінін ұмытпау керек,  - дейді ақын.

Дереккөз: massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары