Өркениетті елдерде спортшыны дініне қарай шеттетпейді.
Журналист Жалғас Саңғыл спортшыларды діні мен сенімін айшықтайтын сөздері мен әрекеттеріне бол жазғырғандарды айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өркениетті елдерде спортшыны дініне қарай шеттетпейтінін немесе ешкімнің өз қалауынша дінін айшықтап, еркін көрсетуіне шектеу келтірмейтінін жазды. Сондай-ақ ол «Алланың қалауы» деген спортшының сөзіне шүйліккендерге мың жылдан аса мұсылман болған еліміздің тарихынан бас тарта ма деп сауал қойды.
Спортшыларға буллинг жасау тоқтатылсын...
«#Ливерпуль» мықтысы Мұһаммед Салаһ #гол соққан сайын сәжде жасайды. Алпауыт Ұлы-Британия төрінде. Христиандар елінде! Бірақ, оған Исламды насихаттадың -деп айыптаған ағылшынды көрмедік.
Әр «бойға» «Біссімілләсін» айтып шығатын аңыз #Хабиб Нұрмұһаммедов те дұға жасайды. Қажыға барады. Ресейлік! Америкада атой салады. Бірақ, сақалы бар, мұрты жоқ –деп оған тиіскен не орысты, не америкалықты естімедік.
Бокс аңыздары Мұһаммед Әли мен #Тайсон да мұсылман еді..
Күні кеше #Еуро-ның төрінде, өркениеттің өрінде отырған #Германия құрамасының НЕГІЗГІ құрамында #Рюдигер, Сане, #Гүндоған, Емре Жан, #Жамал сияқты мұсылмандар ойнады. Бірақ, оған немістер шала бүлініп, тілдеп, күндеп арамтер болмағаны анық!..
Біз де сондай кең едік: Шекараның арғы жағынан легионер де шақырдық. Ақша бердік, аямадық, шашылдық. Светлана мен Манезаның алтынына мақтандық, #Ильин мен Чиншанлоның жеңісіне шаттандық. Дініне де, түріне де қарамадық. Өнерін бағаладық. #Рахимов, Муталимов, Гаджиев, #Тигиев дегендер тағы болды. Соңғылары сақалды ед) Ешқайсын бөле жармадық, мәртебесін асырдық, құрмет – қошеметке батырдық.
Бұлардың басым бөлігі кейіннен допинг үшін медалінен айырылып қалды…
Енді #Олимпиада-да алтын алған қазақ баласы - Алланың қалауы ғой, -десе несі айып???
Мың жылдан аса мұсылман болған, Түркі даласында Қарахан секілді #Ислам мемлекетін құрған, #Алтын Ордасы шариғатпен басқарылған, Әз Тәукесі «Жеті жарғыны» шариғат бойынша жазған түркілердің мұрагері біз емес пе? #Әл Фараби, Иүгүнеки, Баласағұни, Сығанақи, Иассауилерден де, безінесіңдер ма? Мұсылман болған, сақалды деп...
Қазақтың мұсылман болғанын айғақтап тұрған #Иасауи, Арыстан баб, #Қарахан, пір Бекет, Сайрамдағы сансыз бап, Тектұрмас, Қарабура, шашты Әзіз сияқты әулиелерді қайтесіңдер? Қазақтың бүкіл хандары, батырлары мұсылман болған. Оны не істейсіңдер ал? Алланың өзі де рас, сөзі де рас - деген #Абай-ды қайда қоямыз?
Көзін ашқаннан «Құдай қаласа», «Алла қаласа» – деп өскен қазақ баласын Алланың қалауы –деп айтқаны үшін жерден алып, жерге салу – кімнің бағы, кімнің соры? Бұл не арандату? Өкпесімен қабынып, өтіменен жарылып өжектеп, өңмеңдегіштердң ар жағында кім тұр, не жатыр?
Жеңгенді де, жеңілгенді олай талауға ешкімнің хақысы жоқ!
Eldos пен #Асыланбек бәрібір биікте тұрады!
Псевдодемократ болмасаңдар заңға бағыныңдар. Бізде мұсылман болуға, яки, Алланың қалауымен -деп айтуға ешқандай тыйым салынбаған. Керісінше, біреудің сеніміне тиісу – конституцияға қайшы!
Өркениетті елдерде де солай! - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Барын салмады, күшін сақтап бокстасты»: Журналист Олимпиадада жеңілген қазақ боксшысына тиісті
«Елдостың тұқымын алуымыз керек»: Белгілі журналист Сметовтің тектілігін айтты