15.08.2025, 17:40

Батыр әже: Атырауда аударылған көлікті тұрғызған зейнеткер желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қатты соққыдан Hyundai жанына аударылып, жол жиегіне шығып кеткен.

Атырауда 15 тамыз таңында жол апаты болып, көлік аударылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, сағат 09:30 шамасында Владимирская көшесінде Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia автокөліктері соқтығысқан.

Қатты соққыдан Hyundai жанына аударылып, жол жиегіне шығып кеткен.

Оқиға орнына куәгерлер жиналды. Олардың арасында жасы үлкен бір әжей де болыпты. Көргендердің айтуынша, ол саспай, басқа өтіп бара жатқан адамдармен бірге аударылған көлікті қайтадан дөңгелегіне тұрғызуға көмектескен.

Жарақат алған жүргізушілер мен жолаушылар Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Қазір жол апатына қатысты тиісті материалдар жиналуда.