$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы аналар күні шарасында йогадан сабақ өткізілді

Алматы қаласында «Аналар күніне» орай өткізілген шара кезінде Гиннесс кітабының жаңа рекорды жария болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Нақтырақ айтсақ, Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағында 856 келі бауырсақ пісірілді. Ал бұл рекордты арнайы комиссия тіркеп, осы шараны ұйымдастырған «Жетінші арнаға» сертификатты салтанатты түрде табыс етті.

Мұндай жаңа рекорд енелер мен келіндер арасындағы аспаздық сайыс кезінде тіркелді. Жеті ене мен келін жұптары бауырсақ пісіріп жатқанда Лондоннан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар оларды жіті бақылап тұрды.

Ал болашақ аналарға тренерлер қызмет көрсетіп, олар йогадан екі сабақ өткізді. Балалар да ұмыт қалмады. Олар үшін сурет өнері бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары