$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында биылдыққа төртінші мәрте үшем дүниеге келді

Дүние есігін жаңадан ашқан қыздарының есімдерін ата-анасы Ақнұр, Балнұр және Жаннұр деп қойған. Қазір нәрестелер анасымен бірге қалалық перинаталдық орталықта дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды 24 kz.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бергі Жамбыл өңірінде дүниеге келген төртінші үшем.

Күлпан Тәжіқоразова, көп балалы ана:

– Отбасы күнінде дүниеге үш баламды, қыздарымды алып келгеніме өте қуаныштымын. Отанымызға жақсы қызмет қылып, қыздарым бой жетіп, аман болсын бәрі.

Дәрігерлердің айтуынша үшемнің анасы перзентханаға ауыр жағдайда түскен. Жедел түрде қажетті шара қолданылып, ем жасалды. Нәрестелер уақытынан бұрын 33 аптада туылғанымен, қазір олардың денсаулығы қалыпты. Анасы да өзін жақсы сезінеді.

Шолпан Жапарқұлова, №1 қалалық перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары:

– Нәрестелердің күні айы жетілмеген болған. Сол үшін екі күнде дайындық жүрді. Өкпе дамуының дәрілері салынды. Одан кейін ота жолымен нәрестелер дүниеге келді.

Туылған кезде салмақтары өте аз болатын. Қазір жағдайлары жақсы. Күннен күнге салмақтарын қосып жатыр. Әрқайсысы 2 келі болып дүние есігін ашқан сәбилер күн санап салмақ қосып келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары