$ 494.87  520.65  4.91

Діни басқарма өткізген акция аясында бес жарым мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткен 2014 жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты хабарлама жасады.

Игілікті іс-шара барысында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға, жетімдерге, жалғысбасты аналардың ұл-қыздарына мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектер үлестірілді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 1857 бала қатысты. Сондай-ақ, игі шараға Алматы (897 отбасы), Астана (716), Алматы облысы (817), Ақмола облысы (588), Қарағанды (470), Қызылорда (225), т.б. облыс пен қала мешіттері үлес қосты.

«Мектепке жол» акциясы жыл сайын жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары