$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетау әкімдігіндегі мүгедектер автотұрағына «Лексус» джипі тұрып алған

Бүгін Көкшетау қалалық әкімдігінің автотұрағы мүгедектерге кедергісіз келешек жасаудың «жарқын» үлгісін көрсетті. Тек таңдаулыларға бұйыратын нөмірі бар «Лексус» мүгедектерге арналған тұраққа жалпағынан жатып алыпты, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл суретті қала тұрғыны бір сағат бұрын түсіріп алған. Ондағы тез жатталатын «222» нөмірлі «Лексус 570» автокөлік мүгедектерге арналған орын деп тайға таңба асқандай анық көрсетілген тұраққа тұрып алған.

– Мен әкімдікке жеке мәселеммен келгем, қарасам, мынандай жағдай. Түсіріп алайын деп шештім: айналада бәрі мүгедектерге кедергісіз келешек жасау керек деп айтып жатқанда дәл әкімдіктің алдында осындай сорақылыққа баруға батылы жететіндерді күнде көре бермейсің. Әрине, ашуымды келтірді, – дейді Данияр есімді жас жігіт. 

Көлік иесі әзірге анықталмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары