Биылғы 7 айда Елордада 113 577 тонна өнім өндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 357 тонна макарон өнімдері (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 119 пайыз), 537 тонна сүт пен қаймақ (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,4 пайыз), сондай-ақ, 89 990 тонна ұн, 11 987 тонна нан және 706 тонна шұжық өнімдері.
Қазіргі кезде елорда нанмен, макарон өнімдерімен және ұнмен өзін-өзі толық қамтамасыз етуде. Азық-түліктік белдеу аймағынан жалпы тұтынылатын тауардың 35 пайызы, 190 мың тоннаға жуығы жеткізіледі. Қалған өнімдер басқа өңірлерден және шетелден әкелінеді.