$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордалық 11 жасар бала аян беру арқылы емші болды (ФОТО)

Қазір оған күніне бес мың адамға дейін емделуге өтініш айтады. Тіпті, сал боп қалған жандарды аяққа тұрғызған Ербосын балаларды сүндетке де отырғыза береді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызылорда облысына қарасты Аралқұм ауылының оқушысы Ербосын Серікбев қазір мектепке бармайды. Айтуынша, түсінде белгісіз қария аян беріп, емшілік қасиетті қабылдамай жүрсің деп жауапқа алған екен. Содан емшілік жолға түсіп, түске дейін бір мезгіл үйінде оқытылады. 

– Түнде кәдімгі өмірде емес, бөтен шақта жүрем. Адам емдеп жатам. Молалардың қасында жүрем. Маған айтады, сені тек қана адам емдеу үшін ғана жібердім дейді. Сосын мен өзіммен өзім жылай берем неге бүйтет деп, – деп ойымен бөліседі бала.

Алғашқыда баланы жүйке жүйесі аурулары ауруханасына да жатқызыпты. Екпесін ектірмей ол жақтан қашып шыққан Ербосын таксиге мінеді. Алайда жолда құлағына «сыр елі, жыр елінен түсіп қал, қауіп төніп тұр» деген дауыс келеді. Сөйтсе, баланың соқыршегі жарылғалы тұр екен.

Осылайша он бір жасында емшілікті қабылдаған Ербосынның анасы енді үйде адам қабылдау қиындап барады дейді.

– Енді уайымдаймын. Мысалы, қазір ешнәрсе емес. Жиырма отыз адамнан артық қарамай тұрмыз балаға, жағдайына байланысты. Келесі жазда адам көп болса, мен уайымдаймын. Дым орын жоқ. Тола адам. Бірін бірі басады. Халықтың да, біздің де жағдайымыз болмайды. Бала ауырып қалады, – дейді Ербосынның анасы Данагүл Жиренбаева.

Науқасы ауыр азаматтар Ербосынның емінен кейін кәдімгідей емделіп кеткендерін айтады. Бұрын сонды  емші-көрікпелдерге сенбейтін кей қызылордалықтар басынан өткен соң, бұл бала тегін емес деп отыр.

Балалармен ойнап, мектепке барғым келеді деген Ербосын Серікбаев осы жылдың басында ашылған қасиеті үшін үйінде отыруына тура келеді.

Ал он бір жасар баланың ата-анасы мен емделушілері баланың емшілікті жалғастыруы үшін науқастарды қабылдауға ыңғайлы бір орын болса екен дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары