$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда емханалар мен ауруханаларды француз компаниялары салатын болады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Зекенқызы Қайырбекова мен Францияның Сыртқы сауда министрінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Cellectis» компаниясының вице-президенті Давид Сурдив бастаған Франция делегациясымен кездесті, деп хабарлайды, Skifnews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері, сондай-ақ француз компанияларының бірлескен ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары талқыланған.

Қазақстан тарапы француз компанияларына денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуда, оның ішінде кейіннен сенімгерлік басқаруға беру арқылы медицина мекемелерін  (емханаларды, ауруханаларды) салуға белсенді қатысуды ұсынды.

Кездесуге Гюстава Русси атындағы институттың (Франция) бас директоры, профессор Александр Эггермонт да қатысты. Профессор Министрлік пен Гюстава Русси атындағы институттың диагностика және онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы өзара іс-қимылды жоғары бағалады, сондай-ақ екі жақты тиімді және конструктивті ынтымақтастық дамитынына сенім білдірді.

Кездесу барысында  «Sanofi», «Airbus Group», «Oberthur Technologies» және басқа бірқатар француз компанияларының өкілдері өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша өз ұыныстарын білдірді.

Тараптар келіссөздердің қорытындылары бойынша ағымдағы жылғы желтоқсандағы Франция Президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға ресми сапары қарсаңында денсаулық сақтау саласындағы екі жаақты ынтымақтастықты нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары