$ 446.49  475.38  4.79

Астаналық жұмысына жауапсыз мердігер компаниялардың аты аталды

«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержас Айтуғанов мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі бойынша баспана құрылысының тоқтап қалуына кінәлі мердігер компанияларды атап шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, мердігерлердің жауапсыздығынан нысандарды уақытылы пайдалануға беру мүмкін болмаған. Нәтижесінде, Сарайшық көшесінің оңтүстігінде және М. Жұмабаев даңғылында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша «Нұрдиалог» және «ЖанСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымдарымен келісімшарттар бұзылды. Енді 26 қыркүйекте кезекті лот өткізіліп, аталған нысандардың құрылысын аяқтайтын компаниялар анықталмақ. 

Сонымен қатар, тұрғын үйлердің уақтылы тапсырылмауына осы аудандағы инженерлік желілердегі ақаулықтар себеп болған. Қазіргі уақытта коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық мәселелерді шешті.

Оның үстіне шаршы метрдің бағасының төмен болуы да баспана құрылысына өз әсерін тигізді. Қалалық мәслихаттың шешімімен аталған нысандарға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. 

Жыл соңына дейін жалпы ауданы 151,6 мың шаршы метрлік 2510 пәтер пайдалануға беріліп, мемлекеттік бағдарлама толық жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары