Еліміздің бірқатар өңірінде жылу желілері айтарлықтай тозып кеткен. Мұндай жағдай Алматы және Семей қалаларында, сондай-ақ, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кездесіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне қарағанда, мұның себебі, жөндеу жұмыстары кестеден қалыс қалған.
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша жылу желілерінің 80 пайыздан астамының тозығы жеткен.
Қостанай облысында «Арқалық ЖЭК-нің» негізгі жабдығы жоғары деңгейде тозған.
Батыс Қазақстан облысы бойынша соңғы жылдары көктайғақтың пайда болуы себебінен электржелілік объектілерде орын алған апаттардың салдарынан электрмен жабдықтаудан үзу жағдайлары жиіледі.
Алматы қаласы бойынша, «Алматы жылу желілері» ЖШС-да өткен жылыту маусымында технологиялық бұзушылықтар 33%-ға артты (18 жағдай). Жылу желілерінің созылыңқылығы 25 жыл жарамдылық мерзіммен 62%-ды құрайды.
Энергетикалық кәсіпорындарды жылыту маусымына дайындау мәселелері Энергетика министрлігі әкімдіктер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және ұлттық экономика және инвестициялар және даму министрліктері өкілдерінің қатысуымен айына екі рет өткізетін салалық селекторлық мәжілістерде қаралуда.