23.09.2014, 08:45

Оңтүстікқазақстандық сақалды әйел отбасымен бақытты ғұмыр кешуде

Сурет: kz.troniks.kz

Ал, күйеуі жарының бұл ерекшелігімен мақтанады, деп хабарлайды Newtimes.kz.

«Сақалды әйел Өзбекстанмен шекаралас жерде, Оңтүстік Қазақстанның түкпірінде тұрады. Ол өзінің 20 см-лік сақалымен бүгінде әбден танылып болған. Тұрбат ауылының 65 жасар тұрғыны сол өңірге жақсы танымал болған. Адамдар, тіпті өтіп бара жатқан туристер де онымен бірге суретке түсуге құмар. Мухтабор Тураева өзінің сақалымен мақтанады және одан ешқашан айрылғысы келмейді», делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

40 жыл ғұмырында оның сақалы еркектермен бірдей өскен.

– Біз Өзбекстандағы туыстарымызға жиі барып тұрамыз. Шекарада мені тек суретке түсу үшін ғана тоқтатады. Өздерінің әйелдеріне, шешелеріне көрсетеді екен.суретке түскен соң бірден өткізіп жібереді. Тіпті, сақалым маған әрдайым көмекші болып жүр десем де болады, – дейді ол.

Мухтабор Тораева тұрмысқа да сақалды қалпымен шыққан.айта кетерлігі, бұл әулетте сақал әйелдер жағы бойынша бір-біріне беріліп отырады екен. Қазір 25 жасар қызына да шығайын деп қалған.

– Жас күнімде қырып тастағым келді. Бірақ, діни адамдар «тиіспе» деді. Оны Алла берді, өзі алады. Мені ауылда үлкен сақалды әже, ал көршімді – кіші сақалды әже деп атайды. Себебі, ол сақалын қырып жүреді, – дейді ол.

Ал, күйеуі болса, әйелінің бұл қасиетімен мақтанаты екен. Олардың бүгінде бір ұл, бір қызынан тараған 6 немересі бар.