$ 498.34  519.72  4.85

Астанада әлеуметтік қызмет көрсету формасын жетілдіруге қатысты кездесу өтті

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді жаңғырту бойынша бағдарламаны енгізу шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Астана қалалық әкімдігінің Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арналған дағдарыс орталығында және «Нұрлы жүрек» ӘҚКО-ында болды.

Мекемелердің мамандарына әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша жұмыс көрсетілді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-педагогикалық.

Вице-министр көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жоғары бағалады, мамандардың электрондық есеп жүргізу жұмысын бақылап көрді. Сондай-ақ, ол орталықтардың жақсы жарақталғанын, келушілер үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті.

Орталықтардың басшыларымен әңгіме барысында электрондық үкімет бағдарламасын модернизациялау, биыл әлеуметтік жұмыскерлердің халықаралық съезін өткізу, әлеуметтік қорғау ұйымдарын жан басына қарай қаржыландыру және азаматтардың әлеуметтік карталарын жүргізу мәселелері талқыланды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Министрліктің алқа мәжілісінде Астана қаласының халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы озық көрсеткіштері атап көрсетілген болатын, қаладағы жұмыссыздық деңгейі республикадағы ең төмен.

«Басқарма алдағы уақытта өз жұмысын халықты әлеуметтік қорғаудың барлық бағыттары бойынша жетілдіруді жалғастырады», деп қорытындылады Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары