$ 443.85  474.3  4.8

Астана әкімдігі тасқын сумен күресті бастап кетті

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде және тасқын суды өткізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайында айтылған.

Сонымен қатар, жаңартылған «Кэмэл» техникасының көмегімен нөсер кәрізі желілерін тазарту жұмыстары қолға алынды. Мамандардың пікірінше, тазарту құрылыстары 100% дайын.

Аудандарда арнайы техникамен аумақты еріген қар суынан сорғыту жүргізілуде. Жалпы, қала бойынша тиісті жұмыстарға 158 арнайы техника тартылды.

Үстіміздегі жылдың 13 қазанынан осы күнге дейін коммуналдық қызметтермен 5 409 066,76 м3 қар шығарылды, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда артық. Сол себепті қаланың санитарлық тазарту бойынша коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары