ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскерилерді жалақысын өсіріп, баспанамен қамтамасыз етуге уәде берді деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
"Әскери қызметкерлердің айлығын 2011 жылы өсірілгенін ескере отырып, қорғаныс министрлігі кезең-кезеңмен өсіруді көздеп отыр. Бұл туралы мен Жоғары қолбасшыға баяндадым, осы бағыттағы қолдау көрсету туралы алдымызға міндет қойдық", - деді Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі үкімет сағатында.
"Үкіметпен жұмыс істеп жатырмыз, премьер-министр үкіметпен жиын өткізді. Түсінік бар, есептеулерді жолдадық және осы мәселе шешіледі деп ойлаймыз", - деді ол.
Ол жаңа ережелердің арқасында министрліктің әскерилердің баспана мәселесін шешетінін атап өтті. "Әскерилерді қамтамасыз ету бойынша жаңа ережелерді қабылдағаннан кейін әскери қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесі шешіліп жатыр", - деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ, Сәкен Жасұзақов армияда суицидтің алдын алу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын да айтып берді.
"Жауынгерлік дос" атты жаңа әдістемелік көмекші құралдың пайдасы бар екенін көріп отырмыз. Бұл жүйе бойынша лауазымды тұлғалардың суицидке бейім әдебінің алдын алу, сержанттар кеңесінің аноним анкеттеу жұмыстарын қамтиды", - дейді министр.
"Яғни серіктес жүйесі офицерлерден сержанттарға дейін қолданылады, серіктестер бір-бірін біліп, оның өмірінде қандай жағдайлар болып отырғанын айтып бере алады. Себебі кейбір сарбаздар командирге мәселесін айта алмауы мүмкін, ал серіктесі дос, ол айтқысы келеді, қандай проблемасын барын айтып береді", - деп түсіндірді Жасұзақов.