$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде аудан әкімі жастардың масыл боп кеткенін айтып отыр

Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев жергілікті жастардың тым еріншек болып кеткеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Оның айтуынша, тепсе темір үзетін жігіттер түске дейін ұйықтап, жұмыстан қашатын көрінеді. Бұл туралы "Мой город" порталы жазып отыр.

Әкімнің айтуынша, оған зейнет жасындағы тұрғындар келіп, өздерінің балалары мен немерелеріне жұмыс сұрайды екен.

"Мен ересек ата-аналардан балаңыз бен немереңіздің өзі қайда деп сұраймын. Ал, олар түнімен қыдырып, түске дейін ұйықтайды екен. Иә, біз 70 жыл бойы мемлекетке масыл болдық. Қазірдің өзінде тәуелсіз еліміз бізді жарылқап келеді, несиелер, субсидиялар, лизингтер беруде. Ал, енді осы мүмкіндіктерді пайдаланбағандарды жалқау, еріншек дер едім", – деді Б.Қаниев журналистермен болған кездесу барысында.

Аудан әкімі жастарды Шұбарқұдық ауылының тұрғыны – зейнеткер әйелден үлгі алуға шақырып отыр. Мүгедектік арбаға таңылған ол бүгінде өз кәсібін ашып, 12 адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Ал, шалқарлық тағы бір жас қыз ауыл шаруашылығымен айналысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары