$ 444.22  476.38  4.82

Астанадағы Әкелер кеңесі көлік жуатын орында тұратын астаналық отбасыға көмектеспек

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Исатай Таумашевтің отбасына көмектесу мақсатында қайырымдылық акциясын қолға алды деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

- Жақын уақытта Таумашевтер жанұясына көмек көрсету үшін ашық банк шоты ашылады. Сондай-ақ Исатай жұмыссыз деген де ақпарат бар. Бұл мәселе де аз уақыт ішінде шешімін табады, - дейді «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қуаныш Жұматаев.

- Менің ойымша, бұл отбасының мәселесі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Азаматтар жақсылық жасауға асығады,- деген ойын да жеткізді Қуаныш Жұматаев. – Біздің үндеуіміз негізі әкелерге бағытталған. Исатай Таумашевтің жағдайы ер азаматтарды көмек қолын созуға жетелейді деген сенімдемін.

Исатай Таумашев 12 жастағы ұлы Ақниет пен 7 жастағы қызы Инабатпен 2 жылдан бері көлік жуатын орында тұрып келеді. Исатайдың бұрынғы әйелі алимент төлеп тұрады, алайда бұл ақша мен ер азаматтың айлығы пәтер жалдап тұруға жетпейді. Бүгінгі таңда Таумашевтер жанұясы «толық емес отбасы» санаты бойынша үй кезегінде тұр.

Исатай, Инабат пен Ақниетке барлық жомарт жандарды қайырымдылық танытып, көмектесуге шақырамыз. Жанұяға киім-кешектер, ойыншықтар, оқулықтар, оқу құралдарын және азық-түлік беру арқылы көмектесуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары