$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанда кедейлердің саны артып келеді

Қазақстандағы кедейлердің саны 2016 жылдың қорытындысы бойынша 19,8 пайызды құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш – 19,5 пайыз, 2014 жылы 16,1 пайыз болған. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан экономикасы туралы жүргізген зерттеуінде жазылып отыр.

Халықаралық өлшемге сәйкес, күнделікті табысы 5 доллардан кем адамдар кедей болып есептеледі.

"2016 жылы ішкі жалпы өнім өсімінің бәсеңдеуі мен жалақының төмендеуі елдегі кедейлік деңгейіне кері әсерін тигізіп отыр", – дейді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун.

2016 жылы еңбекпен қамтудың жалпы көрсеткіші 0,5 пайызға төмендесе, жастар арасынағы жұмыссыздық 6,8%-дан (2013 жыл) 8,3%-ға (2015 жыл) дейін өсті.

"Қазір жалақы деңгейі мен тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі артып келеді. Бұл өз кезегінде елдегі кедейлердің санының азаюына алып келмек. Бірақ, бұл процесс бұрынғыдан қарағанда баяу жүретін болады", – деді Ато Браун.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары