$ 498.34  519.72  4.85

Алматылық ҰОС ардагерлері демалу орындарына тегін барады

Жалпы, еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне түрлі әлеуметтік көмектер жыл сацын және тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Биыл да әр облыс шама-шарқынша батыр қарияларымызды қуантып жатыр. Ал, Алматы қаласының әкімдігі шаһардағы 4 мыңға жуық ардагерді санаторилерге тегін демалдырады. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаражат та қарастырылған.

Алматы қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 сәуірдегі №425-шешіміне сәйкес, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, зейнеткерлер санаторий мен курорттарда қала бюджеті есебінен тегін демалып, емделе алады. Биыл ҰОС ардагерлердің өтінімдерін қалалық АРдагерлер кеңесінің аудандық филиалдары қабылдап жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биыл ардагерлердің демалуы және сапалы емделуі үшін «Самал» пансионаты, «Ақ қайын», «Ақбұлақ» және «Демалыс-К» санаторилері қызмет ететін болады. Барлығы 3833 қарияны демалыспен қамту жоспарлануда. 10 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС-ның 5 ардагері және 95 тыл ардагері санаторилерге орналасты», - дейді басқарма өкілдері.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бір реттік ақшалай көмек те беріліп жатыр. Мәселен, барлығы 4 638 азаматқа бүгінге дейін 198,7 миллион теңге жұмсалған. Аталған басқармаға қарасты Әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Гүлнар Мұхаметованың айтуынша, 496 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектерінің әрқайсысы 150 мың теңгеден қаржылай көмек алыпты. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 4096 азаматқа 30 мың теңгеден үлестіріліпген. Бұдан бөлек, ҰОС ардагерлерінің 9 жесіріне 30 мыңнан, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері немесе ата-аналарына – барлығы 37 адамға 30 мың теңгеден тағы берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары