Мұндай жеңілдік қала шетінде тұратын тұрғындарға ғана қарастырылған, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.
Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жаңғозиннің айтуынша, ол үшін www.e.astana.kzпорталында «Елдімекендердегі балабақшаны таңдау» жеке функциясы болады.
«Қала шетінде, яғни, Ильинка, Пригородный сынды елді мекендерде орналасқан балабақшаларда балаларды қабылдау баяу жүргізілуде. Өйткені ондағы балабақшалар сол ауданның тұрғындары үшін ғана қажет. Сәйкесінше, біз оларға жалпы кезек санын күтіп қалмаулары үшін жеке қызмет көрсетеміз. Бірақ, бұл жекелеген аудандарда орналасқан балабақшаларға ғана қатысты, - деді Ә.Жанғозин.