$ 498.34  519.72  4.85

Астана тарихында алғаш рет жекеменшік балабақша саны мемлекеттіктен асып түсті

Қазіргі уақытта қалада мектепке дейінгі 263 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 96 мемлекеттік, 2 ведомстволық және 116 жеке, 49 шағын орта  бар, деп хабарлады астаналық әкімдіктің медиа орталығы.

Осылайша Қазақстанда алғашқы рет балабақшалар саны мемлекеттіктен асып түсті, деп хабарланды медиа орталық тілшісіне қалалық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозин.

Қазір астаналық бақшаларға 46 062 бала барады. Олардың 27 193-і мемлекеттік, 14 854-і жеке бақшалар. Шамамен 6 мың бүлдіршін шағын орталыққа және мектепке дейінгі мекемелерге (мектепке даярлық орталықтары) барады.
А.Жанғозиннің сөзіне қарағанда, мектепке дейінгі балалардың саны туу және көші-қон  көрсеткішінің өсуімен артуда. Қазір Астанада балабақша кезегінде тұрған 33 мыңнан астам бала бар. Күнделікті бақша кезегіне шамамен 90 бала тұрады (60-70 сәби туады), көші-қон есебінен 20 бала.

«Кезекті жылжыту үшін, 2017 жылы 480 орындық екі мемлекеттік бақшаны және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 720 орындық үш бақшаны пайдалануға беру жоспарлануда. Жақында ғана біз 1680 орынға шақталған МЖС аясында алты бақша салу жөнінде келісім-шартқа қол қойдық. Олар 2019 жылы пайдалануға беріледі», - деді А. Жанғозин.

Білім басқармасы жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен 10 мың орындық жеке бақша ашуды қолға алды. Осылайша 2019 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі балаларды бақшамен қамту жоспарлануда. Ол үшін 30 мың орынға арналған 200-ден астам бақша ашу көзделіп отыр.

Тек биыл 5 мыңға жуық сәби мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке бақшаға жолдама алады.

«Мемлекеттік тапсырыс 16 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін артты. Күн сайын жеке бақшаға жолдама алатын бүлдіршіндердің саны артуда. Біз бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Жанғозин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары