$ 498.34  519.72  4.85

Атырау әкімдігі мүгедектің пәтерін тартып алған

Дегенмен, бұл іске прокуратура араласып, баспанасыз қалған мүгедек жанға үйді қайтарып берді. Оның қамқоршысы қайтыс болғаннан кейін жергілікті билік өкілдері мемлекет тарапынан берілген пәтерді тартып алмақшы болған екен. Бұл туралы "Мой Город" порталы хабарлады.

Белгілі болғандай, бұл пәтерді кезінде мүгедек жанға мемлекет беріпті. Бірақ, ол баспананы өз атына емес, қамқоршысының атына жаздырған.

"1996 жылы Махмудов деген қамқоршысы қайтыс болады. Мұнан кейінгі заңды қамқоршысының да тегі Махмудов екен. Жергілікті билік өкілдері тексеріп келгенде пәтер иесінің ертеректе қайтыс болып кеткені анықталып, олар үйді әкімдіктің есебіне қайтарып алған", - дейді прокурорлар.

Далада қалған мүгедек жан дереу прокуратураға арыз жазыпты. Құзырлы орган қызметкерлері пәтердің әу баста қамқоршыға емес, дәл сол мүгедек жанға берілгенін дәлелдеп, оны заңды иесіне қайтарып берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары