$ 498.55  524.28  4.75

Дипломды маман атанған жастар қайда барады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика статистика комитеті Қазақстандағы студенттер санын мәлімдеді. Биылғы жылы ЖОО-ны бітірген білікті мамандар 138 004 адамды құрады. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 6,2%-ға (147 184) төмен. Жалпы саны 47 мемлекеттік ЖОО болса, жалпы саны 130 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді.

Ал, осыншама жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу бақыты диплом алған маманның бәріне бұйыра бермейді. Көп мекемелер, жұмыс берушілер көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерді алуға ынталы екені жасырын емес. Мұндай қиын жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға көмекке «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» сияқты мемлекеттік бағдарламалар келеді.

Жас мамандарға арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы  оқу орнын аяқтағаннан кейін алты айлық жастар тәжірибесін өтуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың  бірыңғай базасын қалыптастырады. Және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.

 ­– «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і  2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасын іске асыруда тиісті жұмыстар атқаруда.  Осы аталып отырған бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады, - дейді «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Керімқұл Жекетаев.

Оның айтуынша, 2017 жылы Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 27 мың адамды мемлекет тарапынан қамту жоспарланған.  Оның ішінде 1358 адам мемлекет және үкімет тарпынан іске асырылып жатқан жобалар бойынша тұрақты жұмысқа жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру болып отыр.

Ресми мәлеметтерге сүйенсек, осы жылы 13 мыңға жуық адамдарды тұрақты жұмысқа мемлекеттің қолдауынсыз орналастыру және  әлеуметтік жұмыс орындарына 1140 адамды, 531 адамды жастар практикасына, қоғамдық жұмыс орындарына 3 мың адамды, еңбек нарығында сұранысқа ие 7 мыңға жуық адамдарды қысқа мерзімдік кәсіптік даярлық курстары арқылы қамту белгіленген екен.

Жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында жұмыспен қамту орталығы Алматы қаласының әкімшілігі және Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып жыл сайын өткізілетін Бос жұмыс орындар жәрменкесін өткізуді жалғастырып келеді.

Керімқұл Әмірқұлұлының айтуынша, бұл жәрменкелердің негізгі мақсаты жұмыс іздеген жұмыссыз азаматтар мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамту.  Жұмыс іздеген азаматтар мен жұмысберушілерді қатыстыра отырып олардың сұраныстарын шешу.

Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша  он тоғыз Бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілді. Оның ішінде бес жәрменке «Нұр Отан» партиясы және сегіз жәрменке «Алматы қалалық  халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкрелікті дамытуға арналған бағдарлама бойынша, өткен айда орталық мешітте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама қатысушыларына және жұмыс іздеп жүрген барша халыққа арналған кезекті жалпы қалалық  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткен болатын. Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы жас мамандардың жұмысқа орналасуын, екі қолға бір күрек табылуын мүмкіндігінше қадағалап келеді.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары