$ 498.55  524.28  4.75

Астаналық бомждар дайын жұмысты да істегісі келмейді

Белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметін алушы азаматтар дайын жұмыстан бас тартып, еңбек етуге құлықсыз. Бұл туралы Астана әкімдігі медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары Динара Шапина мәлім етті.

«Орталықтың қызметін алушы азаматтарға қала кәсіпкерлері мен жекелеген шаруа қожалықтарынан жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс түсті және әлі ұсынылып отыр. Тұратын жері, ішетін тамағы мен тұрақты жалақы ұсынғанның өзінде бұл азаматтар дайын жұмыстан бас тартып отыр», - деді Динара Шапина.

Оның айтуынша, орталықтың қызметін алушыларын жұмыспен қамту мақсатында қалалық мекемелермен бірлесіп тұрақты түрде шаралар өткізіп отырады.

«Орталыққа жеткізілісімен еліміздің заңнамаларына сәйкес, бастапқы медициналық тексеруден бастап 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Әрқайсымен әңгіме жүргізіліп, жеке басын анықтап, құжаттарын қалыпқа келтіріп береміз. Ал жұмысқа келгенде құлықсыз. Дайын жұмыс істегілері келмейді. Себебі, бос жүріп, еркін өмірге үйреніп алған», - деді директордың орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары