$ 499.51  525.83  4.62

Оралда коммуналды қызмет түрлеріне қарызы бар тұрғындар үйлерінен айрылуы мүмкін

Қайыршы болудан шаршаған коммуналдық мекеме басшылары енді борышкерлердің астындағы көлігіне дейін тәркілеуге көшеміз деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

Қазірдің өзінде тегін жылынып үйренген отыз тұрғынның тізімі сотқа жіберілді. Борышкерлердің басынғаны сонша, жылуға он алты жылдан бері соқыр тиын төлемегендер де бар екен. Салдарынан, коммуналдық ақыны айма-ай өтеп жүргендер зардап шегуде. Өйткені жылу тарататын кәсіпорынның өзі көгілдір отын үшін берешек болғандықтан, ыстық суды жиі өшіреді. Ал ақы төлеуден қашып жүргендердің жалпы қарызы жарты миллиард теңгеге жетіпті. Алдағы қыстың қамын әлден ойлаған коммуналдық мекеме енді үй-үйді аралап, борышкерлердің дүние-мүлкін тізімге алып жүр.

Мұрат Бәйменов, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры:

- Сотқа арыз дайындап жатырмыз. Сол бойынша ыстық су мен жылуға қарызы бар азаматтардың жекеменшік мүлігін сот арқылы алып, оны сатып, солай қарызын өтемекшіміз. Немесе әкімшілік сот арқылы 5,10,15 тәулікке дейін қамаққа алуды сұрайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары