$ 499.51  525.83  4.62

«Мектепке жол» акциясы аясында алматылық 500 балаға мереке ұйымдастырылды

Алматыда қаласы Әуезов ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорынсыз қалған 500 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында мереке ұйымдастырылды. Атап айтқанда, биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер «Сарыарқа» кинотеатрында «Эмоджи» мультфилімін тамашалап, тәтті балмұздақтарға мәз болды. Аталмыш шараны белгілі құрылыс компаниясы қаржыландырған екен.

– Біздің компнаия үнемі әлеуметтік жағдайларды қолайды. Осы мақсатта кез келген мекемемен серіктестік қатынас орнатуға дайынбыз. Біздің компанияның ішінде өз қайырымдылық қоры бар. Қорымыз Астанада орналасқан. Осы күзде Алматыда «Жұлдыз-ай» филиалын ашуды жоспарлап отырмыз. Осы арқалы Алматы қаласының көмеке мұхтаж жанжарына жәрдем бергіміз келеді, - дейді ВI Group компаниясының бас директоры Айдос Оразұлы.

Айта кетейік, бұл шара ВI Group компаниясы мен Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің әріптестік-серіктестік қатынасының бірігуінен жасалып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Әуезов ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі, ата-анасынын қамқорысыз қалған және аса көмекті қажет ететін балаларға демеушілер тарапынан көмек көрсету іс-шаралары ұйымдастырылуда.

- Бізде жыл сайын «Мектепке жол» шарасы ұйымдастырылады. Биылғы акцияны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырып отырмыз. Бізде «Жектепке жол» акциясы аясында Әуезов ауданы бойынша 1500-ге жуық бала қамтылған болатын. Жалпы, осындай акциялар мен игі шараларды қыркүйек айы басталғанша жалғастыра береміз, - дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразаев.

Осындай мерекелік іс-шараларда балаларға барлығы 350 дана мектепке арналған киімдер және 1150 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелері тапсырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрсетілген көмектің барлық қаражат сомасы 10 млн. тенгені құрапты.

Сондай-ақ, ВI Group компаниясы 100 дана мектеп оқушыларына арналған үлгі киімдері және 500 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелерін, маслихат депутаттары және Angelcher тігін фабрикасы 170 дана мектеп оқушыларына арналған киімдерді және 260 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелерін, «Нұр отан» партиясының аудандық филиалы және демеушілер тарапынан мектеп оқушыларына арналған 80 дана киім және 290 дана оқуға қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар сөмкелерін таратуды қыркүйек айында дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары