Жыл басынан бері Астана қаласының мамандандырылған балалар үйінің 44 тәрбиеленушісі отбасына оралды деп мәлімдеді Астана әкімдігі медиа орталықтғының тілшісіне берген сұхбатында мекеме директоры Сәуле Кенжетаева.
«Жыл басынан бері біздің мекемеге 44 бала қабылданды. Сонымен бірге 48 бала кетті. Оның 4 мүмкіндігі шектеулі бала, оларды қалалық психо-неврологиялық мекемеге ауыстырдық. Ал қалған балалардың барлығы үйлеріне қайтты. Яғни, өзінің биологиялық ата-аналары мен туған-туыстарына және асырап алушы азаматтарға тапсырылды. Біз ол үшін қуаныштымыз», - деді Мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетаева.
Оның айтуынша, мекемедегі балалар үш бағытқа бөлінеді. Олар ата-аналары туа салысымен бас тартқандар, мүмкіндігі шектеулі әрі ерекше күтімді қажет ететін балалар. Сондай-ақ ата-аналары тұрмыстық жағдайына байланысты уақытша тапсырған кризистік бөлімнің балалары.