$ 498.34  519.72  4.85

Астаналықтардың өмір жасы 75,4 жасқа дейін ұзарды

Туу көрсеткішін жоғарылату және өлім санын азайтудың арқасында осындай нәтижеге қол жетті деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана тұрғындарының өмір жасы 75,4 жасқа дейін ұзарды, бұл елдегі көрсеткіш санынан 3,5 жас жоғары тұр. Мұндай мәліметті Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров 9 айдың қорытындысы бойынша өткен ұжымдық кеңесте айтты.

 «Мұндай көрсеткішке туу санын көбейту және өлім санын азайтудың арқасында қол жеткізе білдік. Өлім санын азайтуға ана мен бала өлімін және әлеуметтік маңызы бар аурулардан қайтыс болатындарды алдын ала ескерту бойынша жүргізілген кешенді жұмыстардың әсері тиді», - дейді К.Надыров.

Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау басқармасындағы медицинаға ақылды технологиялардың енгізіліп жатқанын да айта кетті. «Смарт-Астана» бағдарламасы аясында «Смарт-медицина» жобасын 2018 жылдың аяғына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру медициналық қызмет пен ресурсты үнемдеуді қамтамасыз етеді. Концепция қол жеткен табысты дамытып, бекітуге және де елді мекен арасындағы денсаулықты қорғау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары