$ 498.34  519.72  4.85

Алматылықтар үйден шықпай-ақ дербес қызметтер ала алады (ФОТО)

Алматыдағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті және Алматы қаласы әкімдігі  «Ашық Алматы» мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңке қоғамға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы мен «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтер алудың артықшылықтары туралы түсіндіруді мақсат еткен.

Аталмыш шараға келген барлық азаматтар жергілікті атқарушы органдардан және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен кәсіби кеңес беру және әдістемелік көмек алу құқығынан ие болды.

- Бүгінде 640 мыңдай алматылықтың электрондық цифрлық қолтаңбасы бар. Бірақ әркім интернеттегі мемлекеттік қызметтерді пайдаланбайды. Сондықтан, біз қаланың тұрғындарына қаншалықты ыңғайлы әрі тез екенін көрсетуді және түсіндіруді шештік, - деді Алматы қалалық Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Айгүл Байханова. Оның айтуынша, мұндай жәрмеңкелер жақын арада қайталанып, бірақ қаланың әр ауданында жеке-жеке болады.

Бүгінгі күні барлық мемлекеттік қызметтердің 60%-ы мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жәрмеңкеде сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру, азаматтық хал-ахуал, тұрғын үй және жер қатынастары сияқты  басқа да тиісті салалардағы ең танымал және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсынатын 23 мемлекеттік орган өкілдері қатысып, түрлі бағыттар бойынша халыққа кәсіби қолдау көрсетті.

- Енді Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы арқылы қажетті ақпарат пен құжаттарды ала аласыз. Бұл үшін сіз egov.kz сайтына тек мемлекеттік қызметтердің сайтында тіркелуіңіз керек. Содан кейін қажетті құжатты 5-7 минут ішінде таңдасаңыз, оны алуға болады. Және ең алдымен, бұл үшін сізге тиісті жерге баруға және осы уақытты жұмсауға тура келмейді, - деді Орталық сайлау комиссиясының өкілі Эльвира Тұрғанбаева.

Айта кету керек, бүгінгі күні  922 адам келіп, оның ішінде 727 азамат консультация үшін өтініш берсе, 195 адам сайт арқылы қызмет алды.

Бүгін жәрмеңкеде барлық келушілер электрондық цифрлық қолтаңбаны, қызметтің тәртібін түсіндіріп, кез-келген қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік алды. Барлық келушілер 15 минут ішінде электронды цифрлық кілтке ие болды, ол болашақта оларды үйден шықпай-ақ дербес қызметтер алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді.

Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін сегіз ауданды қамтуды жоспарлап отыр. Дәл осындай жәрмеңкелерді айына екі рет өткізеді,  жәрмеңкеге қатысатын алғашқы аудандар - Наурызбай, Түрксіб және Алмалы аудандары екенін айта кетейік.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары