29.11.2017, 09:24

Алматы облысында келіншек 4 баласын тастап кетіп қалған

Алматы облысы еңбекшіқазақ ауданында 4 баласын анасы қараусыз тастап кеткен.  Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жатқан балалардың денсаулығы жақсы. Ал, аудандық ІІД бүлдіршіндердің ата-аналарын іздестіріліп жатқанын айтады.

Белгісілісі – сәбилердің кішісі 9 айлық үлкені 7 жаста. Көршілері жылаған дауысқа көмекке келген. Балаларды бәлкім сырқат па деп Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына  жеткізген.

 «Балалар бөлімінде орын жоқ болғандықтан оларды жұқпалы аурулар бөліміне жатқыздық. Денсаулықтарын толығымен тексердік. Жағдайлары өте жақсы. Ешқандай аурудың нышаны байқалмады. Тек күтімдері нашар, ата-анасы дұрыс қарамаған» – дейді  Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары  Гүлнар Кураметова.

Аудандық ІІД полиция қызметкерлеріне хабарластық. Әзірге қараусыз қалған балалардың ата-анасы табылмаған. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«Оқиға 28.11. кешкі сағат 13.36-да тіркелді.  Көршілері  балалардың неше күннен бері жылағанын, аш екенін айтқан. 4 баланы сол көршілері ауруханаға апарған. Қазір балалардың ата-анасын іздестіріп жатырмыз»,  – дейді  Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ІІД-нің полиция аға инспекторы АЙНАШ ҚЫРБАСОВА.