Бұған дейін Алматы облысында жергілікті тұрғынның 4 баласын тастап кетіп қалғаны туралы жазған болатынбыз. Полицейлер бейзбүйрек ананы іздеп тапты.
Еске салайық, 27 қараша күні 4 баланы жалдамалы пәтерден көршілері тауып, оларды ауруханаға жеткізген болатын. Үлкенінің жасы 7-де болса, кішісі небәрі 9 айлық.
Дәрігерлер олардың денсаулығында ешқандай аурудың жоқ екенін, тек қатты қарындары ашқанын айтты. Полицейлер болса, дереу олардың анасын іздеп, көп ұзамай безбүйрек әйелді тапты.
Ұсталған келіншек 26 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Ол өзінің балаларын тастамағанын, тек уақытша Шелек ауылына кетіп қалғанын айтып ақталған.
Десе де, көршілерінің айтуынша, 4 баланың анасы спирттік ішімдікке әуес көрінеді.