$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстанның 18 миллионныншы тұрғынына Алматы облысының әкімі пәтер кілтін сыйлады

ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстанның 18 миллионыншы азаматына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пәтер кілтін табыстады. Осылайша мерекені кішкентай Мүслиманың отбасы үлкен пәтерде қарсы алды.

Бұл күні Мүслиманың ата-анасымен бірге тағы 100-ден астам талдықорғандық жаңа пәтерге қоныстану қуанышына ие болды. Олар енді қаланың Оңтүстік-батыс ауданында бой көтерген 55 пәтерлі коммуналдық және мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған 64 пәтерлі арендалық тұрғын үйде тұрады.

Жаңа қоныс иелерін қуанышты сәттерімен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беруде. Бүгінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарасаңында, мен сіздерге салтанатты түрде жаңа пәтерлеріңіздің кілтін табыстағаныма қуаныштымын. Осында тұрған баршаңыздың өмірлеріңіздегі ең жарқын сәттердің бірі болатын бүгінгі қуаныштарыңызбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым отбасыларыңызда береке-бірлік, ынтымақ пен келісім ұялап, шаңырақтарыңыз шаттыққа тола берсін, - деп ақ тілегін білдірді облыс әкімі А.Баталов.

Естеріңізге салар болсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 18 миллионды еңсерді. Бұл межеге ағымдағы жылдың 11-мамыры күні жеткен болатынбыз. 2017 жылдың шілде айында статистикалық деректер жарияланып, еліміздің 18 миллионыншы азаматы талдықорғандық Мүслима Саматқызы екендігін ести салысымен облыс әкімі Амандық Баталов бақытты жанұяның тұрып жатқан жалдамалы пәтеріне барып, жеке басында баспаналары жоқ жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйлайтындығын айтып, қуаныштарын еселеген болатын. Міне бүгін әкімнің берген сол бір уәдесі орындалып, кішкентай Муслиманы жаңа пәтерге көшуімен барша туған-туыстарының құттықтауына мүмкіндік жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары