$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы сүт пен сүт өнімдерінің 60%-ы Алматы облысынан тасымалданады

Қазақстан экономикасының қозғаушы негізгі күштерінің бірі ауылшаруашылық саласы екені белгілі. Мал мен аграрлы шаруашылықты дамыту арқылы біз экономиканы тіктеп, халықтың әл-ауқатын арттыра алатынымыз белгілі. Оның үстіне, табиғатымыз да осы ауыл шаруашылығына өте жақын. Сондықтан да Мемлекет басшысы өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында аталған саланы жаңа деңгейге көтеруді тапсырды. Саланы дамыту үшін инвесторлар тартып, ет және сүт өндірісіне екпін беру керек екенін айтты.

Елбасының бұл тапсырмалары қандай деңгейде орындалып жатқанын білу мақсатында Алматы қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Айдын Керімбекті әңгімеге тартып көрген болатынбыз. Оның айтуынша, биыл 9 айда алматылықтар 241 мың тонна сүт және сүт өнімдерін пайдаланыпты.

Алматыны сүтпен негізінен Алматы облысының өндірушілері қамтамасыз етеді. Қалағадағы барлық сүттің 60 пайызы осы өңірден тасымалданады. Тағы 20 пайызын жергілікті өндірушілер өздері өндіреді. Тағы 10 пайыз Ресейден әкелінсе, қалғаны ШҚО мен СҚО және ЕАЭО елдерінің еншісінде.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің мәліметтері бойынша, қала аумағына сүт өнімдерін импорттау 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9,8 мың тоннаны құрап, сомасы 26,6 миллион АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ, Украина, Германия, Литва, Польша, Латвия, Франция, Швейцария, Финляндия және т.б. өндіруші елдер арқылы импорт жүзеге асырылады», - дейді Айдын Керімбек.

Қазақстан Республикасы Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама  аясында жобаларды субсидиялау үшін 7,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл агроөнеркәсіптік кешенде жаңа және кеңейтілген қолданыстағы өндірістік қуаттарды құру шығындарының 20% -дан 80%-на дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін инвестициялық субсидиялар. Осындай субсидияларды «BRBAPK» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС және «Алтын Диірмен» Корпорациясы» АҚ иемденіп отыр.

«Қалада 490 га алаңда Индустриялық аймақ бар, онда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Инженерлік коммуникациялар мен көліктік инфрақұрылымның ірі магистральға шығу мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні, Индустриялық аймақта 530 миллион АҚШ долларын құрайтын 39 жоба, оның ішінде 7 (220млн. $) жоба тамақ өнеркәсібі бойынша жүзеге асырылуда. Мысалы, 2019 жылы «МПЗ Бижан» ЖШС ет зауытын іске қосу жоспарланып отыр», - дейді басқарма басшысы.

Алматы қаласында егіс алқаптары мен ірі мал басымен айналысуға мүмкіндіктер жоқ болса да, бұл еліміздегі ең үлкен нарық орталығы. Ет және ет өнімдері Алматы облысынан (30%), Жамбыл облысынан (25%), Оңтүстік Қазақстаннан (25%), Шығыс Қазақстаннан (7%) және басқа да өңірлерден (13%) келеді.

Қалаға ет өнімінің негізгі жеткізушілері: «Қарасай Ет», жеке адамдар: А.Бусурманова, С.Беспаева, Х. Ташниязов, М.Асанов, П.Иванов, А.Асылбеков, К.Наханов, А. Егеев, М. Апрель.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға (сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7%-ға және шетелдік валютамен жылдық 5%-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады) мүмкіндік бар.

Айымхан Әмірбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары