$ 441.66  475.14  4.86

«Қайырымдылық жасау барлығымыздың қолымыздан келеді»

Алматы қаласы Әуезов аудандық «Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ-нде «Қайырымдылық жасау барлығымыздың қолымыздан келеді» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш шараны Әуезов ауданы әкімдігі аппаратының қолдауымен, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырған.  

Іс-шараның басты мақсаты - қоғамда құндылық деп танылған адамның қадір-қасиеті туралы қызмет алушылардың идеяларын қалыптастыру болып отыр.

- Шарамыздың міндеті айқын, ол: жақсылық пен зұлымдықтың моральдық мазмұнын ашу; бенефициарлардың мейірімділік пен оның әрбір адамның өміріндегі рөлі туралы білімдерін кеңейту; мейірімді болуды қалау; жағымды эмоционалдық көңіл-күй, қызмет алушылардың есте сақтауын, ойлауын дамыту; жақсылық жасауға ұмтылуды дамыту, - дейді ұйымдастырушылар.  

Іс-шара барысында қызмет алушылар ән айтып, би билеп, ата-аналар мен Орталық қызметкерлеріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Қызмет алушылар мейірімділік жайында сөз қозғап, өз ойларымен бөлісті.

Мекеме директоры Ләззат Закирбаева қызмет алушылар мен қызметкерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Мүгедектердің қоғамға бейімделуі үшін біздің көмектесуіміз қажет. Оларға біздің жылы сөзіміз бен мейіріммен қараған көзқарасымыздың өзі үлкен сезім. Алайда мейіріммен қарау мен аяушылықпен қарауды шатастырып алмау керек. Онсызда жаны жаралы адамдар аяушылықпен қарауды ұнатпайды. Біз бүгін олармен бірге болып, еліміздің әнұранын бірге айтып, бірге көңіл көтергеніміздің өзі үлкен жақсылық. Негізінде жақсылық жасау бәріміздің қолымыздан келеді, - деді Ләззат Закирбаева.

Шара соңында қызмет алушылар келген қонақтарға гүл шоқтарын сыйлап, өз алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Рухани жаңғырудың басты факторы – ұлттық құндылықты, ұлттық рухты, бойымыздағы қадір-қасиетті заман талабына сай дамыту. Ендігі рухани серпіліс – келешегіміздің жаңаша дамуының жарқын нышаны болу керек делінген. Ал «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары