Алматыдағы Наурызбай ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Наурызбай ауданында жаңа инженерлік желілердің іске қосылуы арқасында «Алты алаш», «Қалқаман-2» елдімекендеріндінің жеке секторындағы 5 мың үй мен «Қалқаман-3» ықшам ауданындағы 30 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға ие болды.
- Әр үйге таза суық су жаңа құбырлар арқылы берілуде. Үй иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК-мен тиісті келісім жасаулары қажет, - деді Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.
Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.
Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды.
- Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды. Сол кезде таза ауыз су бізге де тезірек жетсе дедік. Енді міне, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Мұның өзі бір қауым елміз ғой. Басқа да ауыз суға мұқтаж аудандар болса, бәрі де ретімен жақсарса дейміз, - дейді «Қалқаман» ықшам ауданының тұғыны Болат Айтбаев.
Ал басқармадағылардың айтуынша, Еендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары тұр екен.
«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.
Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.
Айта кетейік, мемлекеттік бюджет есебінен 209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары жүргізіліп, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.
Ақбота Мұсабекқызы