$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте бір үйдің 5 баласы тұл жетім қалды

Шымкентте бір үйдің 5 баласы бір-ақ күнде тұл жетім қалды деп жазады Otyrar.kz. Әлеуметтік жағдайы ауыр отбасыға әкімдік жуырда ғана уақытша баспана берген болатын. Алайда, балалардың анасы бұл қуанышты көре алмай кетті.

Бес бала әжесімен бірге жатақхана үлгісіндегі 3 бөлмелі пәтерге жақында ғана көшіп алған болатын. Бұл сәтте олардың аналары ауыр сырқаттан емделу үшін ауруханада жатқан. Алайда, көпбалалы әйел қатерлі дерттен айыға алмай қайтыс болды. Бұл туралы аталған отбасыға көмектескен шымкенттік еріктілер Instagram әлеуметтік желісіне жазды.

5 баланың әкесі Жаңа жыл қарсаңында жол апатынан қайтыс болған. Әйелі лейкемия дертіне шалдыққан соң ол қосымша ақша табу үшін Атырауға жұмысқа аттаныпты. 27 желтоқсан күні отбасына келе жатқан жолда олардың мінген көлігі соқтығысып, ер азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Әкелері қайтыс болып, анасы ауруханаға түскен 5 баланы сол кезде әжелері қолына алыпты. Алайда, тұратын баспана болмағандықтан олар тастанды балабақшаның бір бөлмесіне қоныстанған. Артынша еріктілер олардың жағдайы туралы жазып, бұл оқиғаны әкімдіктегілер естіген екен, артынша уақытша тұруға 3 бөлмелі жатақхана беріпті.

Балалар әліге дейін көмекке мұқтаж. Оларға киім мен ас-ауқат қажет. Ал, әкімдік қызметкерлері болса 5 балаға пәтер берілмейінше оларды жатақханадан шығармайтындарын айтты. Дегенмен, пәтер кезегінде балалардың анасы тұрған екен. Енді ол қайтыс болғаннан кейін кезек кімнің атына жазылатыны әлі белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары