2017 жылы Маңғыстау облысында 41 адам ВИЧ індетін жұқтырған. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш небәрі 9 адамды құраған болатын. Бұл туралы СПИД-тің алдын алу және онымен күрес аймақтық орталығының мамандары мәлімдеді.
Аты жаман ауруды жұқтырған 41 адамның 27-сі Қазақстан азаматтары екен. Қалған 14-і шетелден келгендер.
«1994-2018 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы СПИД жұқтырған адамдар саны жылдан жылға артып отырған. Осы уақыт аралығында аталған індетті Қазақстанның 194 азаматы және 74 шетелдік азамат жұтырған. Сонымен қатар, 14 жасқа толмаған 3 бала да осы аурумен ауыратындар қатарында. Бәрі де білу керек, Қазақстанда АИТВ инфекциясын емдеу тегін және ол мемлекет арқылы кепілдендірілген. Онымен ауыратын адамдар қоғам үшін ешқандай қауіп туғызбайды. Олар өздерінің айналысындағы адамдарға бұл дертті жұқтырмайды. Өйткені, СПИД қол алысудан, қоғамдық орындарда пкп арқылы таралмайды», - деді орталық өкілдері.
Сарапшылардың айтуынша, 2017 жылы СПИД тек жыныстық қатынас арқылы таралыпты. Ал, ауру жұқтырғандардың 70 пайызы қалталы азаматтар екен.